ІІ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ

    2019 жылдың 4 қантар күні Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ІІ математика пәні мұғалімдерінің фестивалінің ашылуы өтті. “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Даму департаментінің басшысы Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы, Шымкент қ. ФМБ НЗМ директоры Абдрахманова Каракоз Избасаровна және Шымкент қ. ХББ НЗМ директоры Касимов Балкан Маратұлы құттықтау сөз сөйледі. Фестивал аясында шеберлік сыныптары және мұғалімдер арасында олимпиада өткізілу жоспарланған болатын. Бүгін яғни, фестивалдің алғашқы күні әріптестер арасында тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сыныптары ұйымдасытырылды. Алматы қ. ФМБ НЗМ мұғалімі Полянских Сергей Сергеевич дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған «Mathtest.kz» сайтына таныстырылым жасады. Geogebra бағдарламасының көмегімен стереометрия бөлімінде тиімді жұмыс жасау түрлері ұсынылды. Сонымен қатар НЗМ мұғалімдері үшін сабаққа қолдануға қажетті көптеген тың идеяларымен бөлісті, «Математика пәнінен ғылыми жобаларды дайындау тәжірибесі» туралы ұсыныстар талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *