ІІ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ

2019 жылдың 5 қаңтар күні Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ІІ Математика пәні мұғалімдері фестивалінің екінші күні өтті. Бүгін мұғалімдер үшін аса жауапты күндердің бірі болды, өйткені 21 мектептің математик мұғалімдері арасында олимпиада өткізілді. Сонымен қатар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары «Білім беру бағдарламалар орталығының» бөлім басшысы физика-математика ғылымдарының кандидаты Аубакиров Тойбек Уатаевичтің және Педагогикалық өлшеулер орталығының аға менеджері Ахметов Баймұраттың басшылығымен “Негізгі білім беру мектебінде сыртқы бағалау жұмыстары. Оқу бағдарламаларының мазмұны” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл жерде негізгі мектепті бітірушілердің тапсыратын емтиханы және жалпы оқушылардың жарты жылдықта тапсыратын мониторинг жұмыстары жайында сөз қозғалды. Ұстаздар өздерінің тиімді әдістерімен бөлісті. Сабақ беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер бойынша шеберлік сыныптары жүргізілді. Сондай-ақ, Nismath.org сайтында жұмыс жасау және оның мүмкіндіктерін пайдалануға қатысты семинар өтті. Қорыта айтқанда, фестивальдің екінші күні де ұстаздық жолда мұғалімдерге пайдалы азық болатын олжаларға толы күн болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *