ІІ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖАБЫЛУЫ

     ІІ математика пәні мұғалімдерінің фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Фестиваль аясында 3 күн бойы қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, біліктілік арттырып, білімдерін шыңдады. Сонымен қатар, осы күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Оқу бағдарламалар орталығының басшысы Аубакиров Т.У. және аға менеджер Ахметов Б.И. қатысуымен «Жоғарғы сыныптағы ішкі жиынтық бағалау. Бағдарламаның мазмұны» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді. Жабылу салтанатында жүлдегерлерге І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар тапсырылды. Командалық бірінші орынды Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пән мұғалімдері жеңіп алды. Келесі жылғы математиктер арасындағы семинар және олимпиадалық есептерді шешу конкурсы Астана қаласында өткізілетін болып келісілді. Фестиваль қатысушылары кері байланыс барысында жыл сайынғы бас қосудың маңыздылығын атап өтіп, осы үрдісті дәстүрлі жалғастыруды ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *